Отандық шоу-бизнес өкілдерінің өмірдегі ең үлкен жетістігі — балалары. Осы орайда juldyz.kz порталы toiduman.kz-ке сілтеме жасай отырып кішкентай жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Әнші, актриса Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова инстаәлемде танымал. Оған дәлел – Айжұлдыздың жеке парақшасын алты жүз мыңнан астам адам оқитыны. Таэквондомен, сурет салумен айналысатын жан-жақты қыз – қазір оқырмандарын түрлі суреттерімен қызықтырып жүр. Ал, халыққа ең ұнайтыны – өзінің актерлық қырын танытатын қызықты роликтері.

Қазіргі уақытта интернетте хитке айналған мына тәтті балақайлар «МузАрт» тобының солисті Кенжебек Жәнәбіловтың егіз қыздары. Карима мен Калима есімді сүйкімді егіздер халықты баурап алды. Жақында ғана анасы инстаграмда жеке парақша ашқан. Бұйырса, көркем көріністерімен көзайым болып, инстабизнестің жұлдызына айналатын сияқты.

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның ұлы – Назарәлі. Балақайдың қызықты суреттері мен видеолары жиілеп кетсе керек, ата-анасы жеке парақша ашқан. Онда Назарәлінің дүниеге келген сәтінен бастап, қазіргі қызықтары көп. Екі жасар балақай үшін 20К оқырман аз емес секілді.

Айгүл Иманбаева ұлы Асылжан Әбдумуталиев те халық арасында белгілі. Прагада білім алып жатқан арманшыл бала — танымал болуға ұмтылмайды.

Қыдырәлі мен Қарақаттың үлкен ұлы Бекболат та танымал болуға аса құлықты емес, дегенмен, жеке желісінде 30К оқырманы бар. Қазір көпшілік бұл бозбала футбол өнерінің жұлдызы болады деп сенеді.

Мақпал Жүнісованың Мерейі де анда-санда жылт еткен посттарымен елді елең еткізеді. Белсенді болмаса да, 30К оқырманды өзіне баурап отырған қызға көз тимесін.

Пікір қосу