Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына түзетулер жобасы бойынша түсіндірме берді, — деп тілшісі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне Tengrinews.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Жобада баптың 1-тармағы «Әркім заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деген мәтінде ұсынылып отыр.

Серік Ақылбайдың түсіндіруі бойынша, «азаматтар» деген сөз «әркім» сөзімен алмастырылады. «Бұл жерде «әрқайсысы» деп Қазақстанның азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар деп түсінуге тиіспіз. Неге біз еліміздің резиденті емес адамның немесе азаматтығы жоқ адамның мүлкінің сақталуын қамтамасыз етпеуіміз керек? Мәселен, оның көлігі, киімі, компьютері бар. Мұның бәрі сол адамның мүлкі болып саналады. Одан басқа, шетелдік азаматтар мұнда инвестиция әкеледі, ол да мүлік. Келген инвестиция қорғалуы керек, оны Конституциямен сақтандырылуын қамтамасыз етілуі керек», — деп атап өтті ол.

«Жер туралы мәселе — ол басқа мәртебеге ие, мүлде басқа ережемен реттеледі», — деді Серік Ақылбай. «Біз бұл жерде Конституцияның 6-бабына жүгінуіміз керек, онда жер заңда көрсетілген жағдайларда ғана жеке меншікке берілетіні жазылған. Яғни, мұнда Жер туралы және Азаматтық кодекстерге сілтеме жасалған, ал ол заңдарда шетелдіктердің ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатып алуы туралы бірде-бір сөз жоқ», — деді сенатор.

Оның айтуынша, 26-баптың 1-тармағына байланысты жер туралы пікірталастың негізі жоқ, өйткені, жер мәселесі бұл ережемен қарастырылмайды. «Шетелдіктердің Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған жерлерге ие болуы мүмкін емес. Дұрыс түсіндірілгенде, ешқандай олқылық болмау керек. Бәрі де біздің заңдарымызға сәйкес болып отыр. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерінің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы бұрын да айтқан болатын. Жер, су, табиғи ресурстар — олар мүлік емес. Олар ерекше мәртебеге ие», — деді жоғарғы Палатаның салалық комитетінің басшысы.

Бизнесті қорғау тақырыбына байланысты Серік Ақылбай: «Біз шетелдік азаматтың да, азаматтығы жоқ адамның да жеке мүлкіннің қорғалуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Мемлекет олар әкелген инвестиция мен заңды түрде алынған мүлкінің қорғалуына осылай кепілдік бере алады», — деп атап өтті.

Еске салайық, Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқық мәселелері жөніндегі тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үкімет отырысында Конституцияның 26-бабын өзгертуге қатысты пікір білдірген еді.

 «Конституциядағы өзгерістерге сәйкес 26-бап өзгертілгелі жатыр. Менің ойымша, сол бапты сол қалпында қалдыру керек. Өйткені, бұл ұсыныс өте күмәнді. Латифундистерге осы заңның ішінде нормалар бар. Оны Ерлан Нысанбаев (ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі автор) айтып кетті. Яғни бір адамға немесе бір фирмаға берілетін жердің көлеміне шектеу болады. Ол өте маңызды. Өйткені, латифундизм деген ұғымды біз жойып тастау керек. Жер халыққа тимей ауылда жұмыссыздық болады. Сондықтан біз оған арнайы назар аудағанымыз жөн. Жер тек қазақстан азаматтарына ғана беріледі», — деген еді Мұхтар Тайжан.

Пікір қосу