Әнші Абай Бегей барша аналарға арналған “Анашым” атты бейнебаянының тұсауын кесті. Онда әншінің жұбайының рөлін танымал әнші Әйкерім Қалаубаева сомдаған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Су жаңа туынды нағыз қаймағы бұзылмаған қазақы отбасын суреттейді. Ақ жаулықты әже, анасын сыйлаған ұл мен келін, әжесіне еркелеген немере…

Бұдан бөлек, Абай Бегейдің жаңа туындысынан қазақтың қонақжайлылығы мен пейілінің кеңдігін көруге болады.

Пікір қосу