Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту» ауылында дүниеге келген. Ол көрнекті жазушы, драматург, публицист.

Бала Жүсіпбек

Жүсіпбектің әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер болған. Ол жастайынан әкесінен араб­ша хат тану, оқу үйренген. Аймауыт балаларын оны етікші, ағашшы, сыршыларға жіберіп, қолөнерге үйретеді. Әкесі Аймауыт үй-іші жабдығынан сынған-бүлінген нәрсені өзі бүтіндей беретін болған. Ал анасы бүкіл бір ауылдың киімін тігетін ісмер болған. Сондай-ақ ,ол ауыл арасында айтысып жүрген. Жүсіпбек жастайынан зерек өскен. Әуелі ауыл молдасынан тіл сындырған. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, жұмыс жасап, қаражат табады. Жүсіпбек 1911—1914 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.

Алғаш өлеңді қай жаста жазды?

«Ең алғаш 13 жасымда дұғалык жазатын кішкене қара шолақ кітапшама тіленші шалға боранда есігін ашпаған бір кемпірді, кешкенде байталға мінбеймін деп, әкесін ренжіткен қызды (Ол Жәмікен деген апам ғой) өлең қып жазғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде».(Автордың естелігінен)

Еңбек жолы

Жүсіпбек оқи жүре, баспасөз ісіне етене араласа бастайды. 1918 жылы Семейде шыға бастаған «Абай» журналының редакторы болады. 1917 жылдың көктемінде Семейде Сол жылдың қысынан 1924 жылдар аралығында Ақтөбе оқу бөлімінде, Қарқаралы мектебінде қызмет істейді, мұғалім болады.

1924 жылдың аяқ шенінде Аймауытов Ташкентке шақырылады. Осы кезде жазушылық ісін үдете түседі. Ташкенттен Орынборда шығатын газет-журналдарға жиі қатысып тұрады. Ташкентте «Ақ жол» газетінің әдебиет бөлімін басқарады, газетке қосымша «Сәуле» журналын редакциялайды. 1926-1929 жылдары Жүсіпбек Аймауытов — Шымкент қаласындағы педагогикалық техникумның директоры болады. Осы қызметте жүргенде Торғайға айдалған мал турасында үстінен іс жүргізіледі.

Отбасы

Аймауытовтың зайыбы Евгения Карабатыровна күйеуін есте сақтап жүрген. Ол барлық отбасылық фотосуреттер мен Жүсіпбектің жеке заттарын да сақтаған. 1991 жылы Павлодар қаласына келіп, баға жетпес қазынаны Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына тапсырады. Тағдыр репрессияға ұшыраған Аймауытовтың балаларын әр жаққа таратып жіберген. Оның үлкен ұлы Бектұр көп қасірет шеккен.  Әкесі «халық жауы» деп танылғаннан кейін Бектұр Аймауытов он жылға Сібірге жер аударылған. Бектұр Жүсіпбекұлы тек 78 жасында Отанына қайтып келеді. Жүсіпбектің екінші ұлы — Жанақ 1920 жылдың 18-ақпанында Семей қаласында дүниеге келеді. 1941 жылы оны «халық жауының ұлы» деп танылып, еңбек армиясына жібереді. Соғыстан кейін «Қуғынға ұшырап кетпеймін бе?» деген қорқыш пен тұрмыстың қиыншылықтары оның бейбіт өмір сүруіне кедергі жасады. Жазушының қызы Мәруа (Мағрипа, Муза) Жүсіпбекқызы Аймауытова 1926 жылы 3 мамырда Орынбор қаласында дүниеге келген. Әкесі репрессияға ұшыраған кезінде, ол төрт жаста болған.

Жүсіпбек қашан атылды?

Жүсіпбек директор болып жүрген кезінде аяқ астынан саяси жалаға ұшырайды. Сталин культінің алғашқы құрбандарының бірі болып Жүсіпбек Аймауытов 1929 жылы ұсталып, 1931 жылы атылды. «Маған тағылған кінәмен таныстым. Өзімді айыптымын деп санамаймын». Бұл Аймауытов қаламынан туған соңғы сөздер еді.

1 пікір

Пікір қосу