Miss Chess Eurasia 2017 байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан қатарлы бірнеше мемлекеттен 20-ға жуық жас шахматшы арулар қатысқан. Конкурста Қазақстанның жас гроссмейстері Жансая Әбдімәлік топ жарды, — деп juldyz.kz порталы baq.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жансая Әбдімәлік 9136 дауыс жинап алға шықса, өзбекстандық халықаралық спорт мастері Сарвиноз Курбонбоева 7848 дауыс жинап екінші орын алды. Ал тәжікстандық шахматшы қыз Мутриба Хотами 653 дауыспен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, биыл 17 жасқа толған Жансая 14 жасында гроссмейстер атанған.

 

 

Пікір қосу