Қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Қытай ән байқауында орындаған Витастың «Опера-2» әніне қатысты дау әлі де толастар емес. Осыған байланысты Витастың өзі ресми мәлімдеме жасады. Витас жеке өзі сотқа барып жүгінбегенін, алдағы уақытта да ондай іске бармайтынын жеткізді. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды nur.kz. 

«Құрметті достар! Ресми мәлімдеме жасағым келіп отыр. Соңғы төрт күнде әлеуметтік желілерде менің атыма көптеген түрлі пікірлер айтылып жатыр. Айтқым келгені, мен кез келген өнер адамына, шығармашылық қызметке құрметпен қараймын. Өз басым сот органдарына барып, талдау жасап, өзге біреудің шығармашылығына араласып, оны талқылап көрмеген адаммын. Алдағы уақытта да бұл мен үшін мүмкін емес нәрсе», — деген әнші бұл іске өзі әу бастан араласпағанын аңғартты.

«Заңдық жанжалдарға келер болсам, әр әртістің төңірегінде даулы мәселелердің туындап отыратыны заңды. Бірақ бұл продюсер мен оның мүддесін қорғайтын компанияның құзыретіндегі іс.Танымал әншілерге қатысты заңдық даулар мен мәселелер қашан да болады. Бірақ бұл қақтығыстарға, әртістің жеке басын қорлауға дейін бармауы керек. Барлығыңыз сабаға түсіп, маған лүпіл басыңыз», — деді әнші.

 

Пікір қосу