Қазақстандық могулшы Юлия Галышева 28-ші қысқы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды, — деп juldyz.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Могул спорты бойынша финал Астана уақытымен 13:00-де өтті. Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. Ал күміс медальді ресейлік Анастасия Первушина (62.13) алса, қола жүлде австриялық Катарина Рамзауэрге (52.05) бұйырды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында алып отырған төртінші алтын жүлдесі. Осылайша біздің құрамада 10 жүлде (4 алты, 2 күміс, 4 қола) болды.

Пікір қосу