Алматыдғы қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсті, — деп juldyz.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үшінші алтынды қоржынға биатлоншы Галина Вишневская салды. Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды.

Айта кетейік, бұл Вишневскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымға жекелей сынға түсіп, тек Алина Райкованы алға жіберіп, күміс жүлде алған еді. Осылайша, біздің құрама қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға шықты.

Пікір қосу