31 қаңтар күні қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының медальдары үшін күресті жалғастыратын болады, — деп жазады inform.kz. Назарларыңызға жарыс кестесін ұсынамыз.

Спорт түрі: Керлинг (ерлер және әйелдер). Топтық кезең. Қазақстан-Швеция (ерлер), Қазақстан-Қытай (әйелдер), Қазақстан-Чехия (ерлер) Басталуы  — бірінші кездесу 09.00; екіншісі — 14.00; үшіншісі — 19.00 Өтетін орны — «Алматы-Арена» Билет құны — 500 теңге.

Спорт түрі: Сноуборд. Параллельді слалом (ерлер, әйелдер). Басталуы — 09.00 (параллельді слалом, квалификация); 14.00 (параллельді слалом, финал, медальдар ойнатылады) Билет құны — 1500 теңге. Өтетін орны — «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.

Спорт түрі: Тау-шаңғысы спорты. Әйелдер. Комбинация (Супергигант, слалом). Басталуы — 10.00 (комбинация, супергигант, медальдар сарапқа салынады); 13.30 (комбинация, супер-слалом, медальдар ойнатылады) Билет құны — 1500 теңге Өтетін орны — «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы («Хабар» арнасынан көрсетіледі).

Спорт түрі: Шаңғы спорты. Өкшелеп қуу жарысы, 5 шақырым (әйелдер), 10 шақырым (ерлер). Басталуы — 10.30 (әйелдер, медальдар сарапқа салынады); 13.00 (ерлер, медальдар сарапқа салынады) Билет құны — 700-1000 теңге Өтетін орны — «Алатау» шаңғы-биатлон кешені.

Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. 1500 метр (әйелдер), 5000 метр (ердер). Басталуы — 11.00 (әйелдер, медальдар ойнатылады); 13.00 (ерлер, медальдар ойнатылады) Билет құны — 1000-2000 теңге Өтетін орны — «Медеу» мұз айдыны.

Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Ерлер. Басталуы — 11.00 (трамплиннен секіру); 15.30 (шаңғы жарысы) Билет құны — 500 теңге Өтетін орны — «Алатау» шаңғы-биатлон кешені.

Спорт түрі: Биатлон. Жеке жарыс (әйелдер  15 шақырым, ерлер 20 шақырым). Басталуы — 11.15 (әйелдер), 14.15 (ерлер). («Хабар» арнасынан көрсетіледі) Билет құны — 700 -1000 теңге Өтетін орны — «Алатау» шаңғы-биатлон кешені.

Спорт түрі: Фристайл. Акробатика. Аралас командалар. Қазақстан 1, Қазақстан 2 Басталуы — 11.30 («Қазақстан» арнасынан көрсетіледі) Билет құны — 700 теңге Өтетін орны — «Табаған» спорт,ойын-сауық кешені.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. (Жапония-Корея) Басталуы — 12.30 Билет құны — 500-700 теңге Өтетін орны — «Халық-Арена».

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. (Словакия — АҚШ ) Басталуы — 16.00 («Хабар») Билет құны — 500-700 теңге Өтетін орны — «Халық-Арена».

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. (Қазақстан — Швеция) Басталуы — 19.30 («Хабар») Билет құны — 500-700 теңге Өтетін орны — «Халық-Арена».

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Қыздар. Топтық кезең. (Жапония — АҚШ) Басталуы — 20.00 Билет құны — 300 — 500 теңге Өтетін орны — Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы.

 

Пікір қосу