Универсиада-2017 қысқы ойындарында қазақстандық биатлоншы Алина Райкова жеңімпаз атанды , — деп juldyz.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Райкова екі рет мүлт кетіп, барлық жолды 59 минут  және 48,7 секундта келген. Оның артынша тағы бір қазақстандық Галина Вишневская (+2:21) келді. Үздік үштікте украиналық Надя Белкина (бес рет мүлт кетті, +2:23) келген.

Сондай-ақ, Қазақстан қоржынына бесінші медальді Екатерина Айдова салды. Спортшы қыз конькимен жүгіру спортынан 1500 метр қашықтықта үшінші боп келген.

Пікір қосу