Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қарауға назар аударды.

«Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге қысқартылуға тиіс. Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керек», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Жолдауда жаңаша салық режимі жалпыға ортақ декларациялау енгізілуге қатысты екендігі келтірілген.

«Қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру қажет. Жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімін жаңаша қарастыру керек. Салықтық әкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен, мұның қосымша құн салығын жинауға қатысы бар», — деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар, Үкіметке  квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен бақылау жасау жүйесін қалыптастырып, онда тәртіп орнату жүктелді.

 

Пікір қосу