Жұматай Жақыпбаев 30 қаңтар 1945 жылы Ескелді ауданы, Ешкіөлмес  ауылында дүниеге келген.

Жастық шағы

Жұматай 1961 жылы Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебін бітірген. Ол күйші де, жыршы да болған. Тіпті, ат баптай білетін өнері болған. Сондай-ақ, ерекшелігі француз тілін жетік біліп,жақсы сурет сала алған. Оның жақсы математика болғанын да айтпай кетуге болмайды.

Жұматайдың Ләйләсі

Ақын өз өлеңдерінде 3 рет көрген Ләйлә есімді аруды өз музасына айналдырған. Жұматай алғаш Ләйләні би кешінде көріп қалған екен. Есіктен кіріп келген сұлуға бірден көзі түскен. Ләйлә да келбетті ақынға кет әрі емес екенін білдіріп, оны биге шақырған. Биге шықпай қойған ақынға Ләйлә орамалын ұсынып, шығып кеткен. Бұл Жұматайдың Ләйләні алғаш көруі еді. Өлеңдегі музасын тапқан ақын сүйіктісін екінші рет КазГУ қалашығынан сырттай көріп қалған. Ол кезде Ләйләнің жанында бөтен жігіт тұрған соң, ақын жақындауға бата алмаған. Үшінші рет ауылда көрген. Мәскеуге оқуға кеткен Ләйлә елге оралғанда сыртынан ғана көріп, көз қуанышына сырттай тәнті болған. Мұны өз әңгімелерінде Жұматайдың жары Зайда Елғондинова растайды.

«Сонша жақсы көрсең, неге үйленбедің?» деп сұрадым. Ол: «мен үйленсем, ол проза болады ғой, Зайда. Қазақтың қыздарының Ләйлә сияқты асқақ, сұлу және махаббатқа шынайы берлген болғанын қалаймын» деді. Сол меңді қыз расымен Жұматайдың музасына айналды» (Жарының естелігінен).

Еңбек жолы

Жұматай 1967 жылы ҚазМУ-ді бітірген соң  Талдықорған облысы «Октябрь туы» газетінде жұмыс істейді. Кейін Талдықорған облыстық радиосы мен «Жалын» баспасында журналист болады. Ақын Қазақстан Жазушылар одағында да қызмет атқарған.

Отбасы

Ақынның жары — Зайда Елғондинова.

Жұматайдың қағанаты

Жұматай өзінен кейінгі жастарға аға болып, мықты дегендерінен қағанат құрған. Ол кейіннен «Жұматайдың қағанаты» атанып кеткен. Қағанатта Гүлнар Салықбай, Есенқұл Жақыпбек, Светқали Нұржан, Әбубәкір Қайран, Темірғали Көпбаев, т.б. болған. Олар поэияны ұлықтауды мақтсат тұтқан. Жұматай қағанатқа кез келген жасты қабылдамаған. Әуелі өлең оқытқан. Егер ұнаса, «қағандыққа қабылдандың» деп лауазымына дейн айтқан. Ұнамаса, «сен кейнірек келерсің» деп шығарып салатын болған. Қағандықта әр ақынның өз лауазымы болған. Мәселен, Қажытай Ілиясов оның оң қолы болса, Мейірхан Ақдәулетов илхан деген шенге тағайындалған. Әуезхан Қодар гоан деген шен алса,Темірғали Көпбаев ноян атанып кеткен. Қағанат жоспарлы түрде кездесіп тұрған. Әр кездесуінде өлеңдер оқылып, талқыға түскен. Алайда,  ақын дүнеиден өткен соң қағанат тарап кеткен.

Марапаттары

Ақын Ескелді ауданы Сырымбет ауылындағы орта мектепке Жақыпбаев есімі берілген.

Пікір қосу