Универсиада ойындарында Қазақстан спортшылары 2 медаль ұтып алды, — деп juldyz.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қыздар арасында фристайл-акробатикадан жарысқа қатысқан Жібек Арапбаева 60-84 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Ал 60-48 ұпай жинаған тағы бір спортшымыз Жанбота Алдабергеноваға қола медаль иеленді.

Бас жүлде қытайлық Чжу Иньиньнің еншісіне бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін шаңғы жарысында жерлесіміз Анна Шевченко да қола медаль иеленген болатын.

Пікір қосу