Әйгілі желаяқ Усейн Болт Бейжің Олимпиадасындағы бір алтынынан айырылып қалды. Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

ХХ ғасырдың желаяғы америкалық Джесси Оуэнс болса, ХХІ ғасырдың көшбасшысы ямайкалық Усейн Болт атанды. Олай дейтін де жөн бар. Себебі, ол әлем чемпионы атанумен қатар, 2008, 2012, 2016 жылы Олимпиада ойындарында бір емес бірнеше алтын тағынған. Алайда Усэйн Болт өкінішке орай 2008 жылы Пекинде эстафета бағдарламасындағы алтынынан қағылды.

Усейн 400 метрлік эстафетадағы алтынынан командаласының допинг қабылдауы салдарынан қағылды. Бейжің Олимпиадасында Болтпен бірге чемпион атанған Неста Картераның қанына рұқсат етілмеген препарат табылды. Осыдан соң, Халықаралық Олимпиада комитеті эстафетада чемпион атанған Ямайка құрамасының алтын медалін қайтарып алды.

 Енді Усейн Болт Олимпиада ойындарының 9 дүркін емес 8 дүркін чемпионы.

Пікір қосу