28-Дүниежүзілік қысқы Универсиада кезінде алматылықтар мен қала қонақтары назарына Универсиаданың атлетикалық қалашығына жақын орналасқан Дәстүрлі өнер театры кино залында Ұлттық кино өнер қорындағы үздік фильмдердің кинобағдарламасы ұсынылады.

Кинокөрсетілім 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында күн сайын сағат 15-00-де өтеді. Бағдарламада «Балалық шағымның аспаны», «Алмас Қылыш», «Жаужүрек мың бала», «Біржан сал», «Құнанбай», «Қыз-Жібек», «Жерұйық», «Елбасы жолы», «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмдері бар.

Кино туындылар ағылшын тіліндегі субтитрлармен жүретін болады.

Пікір қосу