Продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев кино әлеміне тағы бір  жаңа туындысын ұсынбақ, — деп хабарлайды juldyz.kz.

Ол бұл туралы «Той-Думан» арнасына берген сұхбатында айтқан. Продюсердің айтуынша, жаңа туынды «Каникулы в Таиланде» аталады.

«Түсірілім уақыты бір айдан астам уақытқа созылды. Біз 24 күн Таиландта жұмыс істедік. Қалғанын Қазақстанда түсірдік, — дейді Нұрлан Қоянбаев.

Негізгі рөлдерді дебютанттар Диора Романова, Мадина және Медина Талипбек, Газрет Ержанов, Айсалкын Ринаткызы және басқалар орындаған. Сондай-ақ, көрермен фильмде  Нұрлан Қоянбаевпен қатар Дәулет Бижановты да көре алады.

Айта кетейік, фильм комедия жанрында болмақ. Режиссері — Ален Ниязбеков. Кинотуынды көрерменге осы жылдың қараша айында көрсетілмек.

Пікір қосу