Тұманбай Молдағалиев 20 наурыз 1935 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу совхозында дүнеиге келген. Ол қазақтың біртуар ақыны.

Балалық шағы

Тұманбайдың әкес 1941 жылы соғысқа кетіп, сонда қаза табады. Анасының тәрбиесінде болған ол мектепте тәртіпті оқушы болады. Сабақты үздік оқиды. 16 жасында орта мектепті бітіреді. Кейін Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1956 жылы бітіріп шығады.

Еңбек жолы

Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастаған ол 1959-1970 жылдар аралығында осы журналда қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды. Кейін 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен «Жалын»-ның бас редакторы болып істеді. Оның «Құстар қайтып барады» (музыкасы Н.Тілендиевтікі), «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» (музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі), «Ертіс вальсі» (музыкасы Жамақаевтікі), «Шақырады көктем» (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасында кең тараған.

Отбасы

Тұманбайдың өмірлік жары — Қасымова Күлтай. Олардың ұлдары — Дәурен (1966 жылы туған); қыздары — Зәуреш (1959 жылы туған), Жазира (1962 жылы туған), Жанна (1964 жылы туған).

Марапаттары

Ақын «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекттік сыйлығын иеленген. Сондай-ақ, Халықаралық Физули сыйлығының лауреаты атанған.

Пікір қосу