Әнші Роза Рымбаева алғаш рет фильмге саундтрек жазды, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Саундтрек алдағы уақытта «Келинка тоже человек» отбасылық комедиясында орындалады. Фильмнің алғашқы көрсетілімі 23 ақпанға белгіленген. Картина продюсерлері — Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова, режиссері — Асқар Ұзабаев.

Роза Рымбаева ұлы Әли Оқапов жазып берген әнді орындады. Қазақстандық әнші бірінші рет саундтрек жазып отыр екен. Сондай-ақ, кейінірек осы туындыға бейнебаян түсіру жоспарда бар екені айтылады.

Айта кетейік, «Келинка тоже человек» фильмі бір шаңырақ астында тұратын ене мен келіндердің қарым-қатынасын көрсетеді.

Пікір қосу