Дизайнер Жадо 11 қаңтар күні Алматы қаласындағы Бостандық ауданының №2 сотына Меруерт Түсіпбаеваның үстінен арыз түсірген еді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде әнші мен дизайнер арасындағы келіспеушілікке қатысты әртүрлі қауесеттер тарады. Осыған байланысты Меруер Түсіпбаева Caravan.kz сайтына берген сұхбатында мән-жайды түсіндіріп берді.

— Жадомен келіспеушілік қалай туындады?

2016 жылдың қазан айында «Астана» арнасындағы «Ел аузында» бағдарламасында Аида Кауменова, Жадо және тағы бір аса қатты танымал емес үшінші дизайнер бірігіп, менің сахналық имиджімді талғамсыз деп атады. Артынан оларды осылай айтыңдар деп сұрағанын анықтадым. Сосын БАҚ өкілдері «Енді неге жауап бермейсің» деген сыңайда сұрақтар қоя бастады. Осыдан кейін Facebook-тегі парақшамда келісідей пост жаздым:

«Ит жокта шошка урген заман болды???Жадо -деген кiм???Егде, калталы азаматка куйеуге шыккан,кезiнде…(Казip,кудай бiледi,ол кici кайда?)Сосын,бipece,продюссер(киносы анау,ешкiм не туралы екенiн,магынасын тусiнбей,мен болдым презентациясында,кинонын аты да есiмде жок….Оз аузынан естiгенiм,Актаудагы 200 кв уйiмдi саттым ,вертолет жалдадым,1мил дол,акша кеттi,менi Орда тобы жерге отыргызды -деп)Талантты болса,озi алмай ма тiзгiндi????Сол кинога сонша акша куртып,басканы жалдаганша неге Баян ханым сиякты ,озi неге баскармайды??бipeyге жем болганша,бip эстр жобаларды бастап едi ,олар кайда??сосын мен-дизайнермiн дедi….Жакында ,распродажа жасап,кымбат киiмдердi(!)3-5тн сатты….Ысырап…Бip барганмын,прокатка казакша киiм iздеп,сенесiз- 88киiм iшiнен бир козге iлер киiм таппадым….шындык осы….Дал менi ,талгамсыз деп сынайтындай,ол кiм?? Кандай мамандык иесi??Дизайнер дипломы бар ма??корсетсiншi!!!кай мамандык иесi екенiн озi де бiле ме?????Бipeyге сын аитатындай???Оган арыктау керек,менен он жас кiшi!!!турi анау!!!вечно с тюрбанами …как китайская фаянсовая статуэтка….ит жокта шошка урген….Ни диплома,ни опыта постоянной работы,как у Berik Ismailov,нашлась критик…. я за профессионализм!Я Горжусь ,что все,что только вышло в моду в Италий….Есть в магазине у моего стилиста…Даже выезжая без Берика,отпр фото и покупаю все вещи,только с его разрешения….Берик Исмаилов, один,единственный дизайнер в Кз,который в совершенстве владеет итальянским…И фактически ,8-9раз в год,посещает Милан…Законодательницу моды… На вкус и цвет -товарищей нет- Аида Кауменова, (ты меня приглашала к себе,когда-то)Я лично не ношу ни вельвет ни свободный покрой,( Хюрем Султанша)и лично меня, и моего стилиста Берика Исмаилова,который в отличий от тебя,не штампует ткани в Гуанджоу(КНР)а имеет контракт с самим D&G,Ковалли и т д….мне начихать на чужое мнение…Каждый кулик…свое болото…..»  (Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталды).

Біраз уақыт өткен соң бір жерде «Меруерт Түсіпбаева Жадоны шошқа деп атады» деген сыңайда ақпарат шықты. Егер Жадо маған кәсіби дипломын көрсетсе кешірім сұрайтын едім. Мен оны тікелей шошқа деп атаған жоқпын. Менің адвокаттарым оның PR-директорының үстінен сотқа арыз беруді ұсынып жатыр. Өйткені, ол менің постымнан басқа мағына шығарып, жұрттың көзінше мені жеккөрінішті әрі жаман адам ретінде көрсеткісі келді.

Қазақ тілінде бір сөздің бірнеше мағынасы бар. Кейде адамдар осының кесірінен бір-бірін түсінбей жатады.

— Сіз сотқа келмедіңіз..

— Оның бірнеше себебі бар. Менің почта бөлімімде қазір жөндеу жұмыстары боп жатыр. Сондықтан да шақыртуды бір күн кешіктіріп алып келді. Ал смс-шақырту жіберілген номерім сол уақытта сөндірулі болған. Ертеңіне сотқа барғанымда маған бұл жағдай соттасуға тұрмайтын қарапайым жағдай деп түсіндірді. Маған өзара келісімге келуге шақырды. Сосын бізді келістіруге тырысқандар да болды, бірақ Жадо жауап бермеді. Мен Жадодан жауап ала алмаған соң, оның PR-директорына хабарластым. Ол пресс-клуб жалдап, журналистерді шақырып, жария түрде кешірім сұрауымды талап етті. Сосын мен «Онда соттасайық» дедім. Өйткені, жұрттың көзінше кешірім сұрап, кемсітушілікке ұшырағым келмейді.

— Соттың қандай шешім сізді қанағаттандырады?

— Әрине, әділ шешім күтемін. Егер Жадо кешірім сұрайтын болса, мен де кешірім сұрауға дайынмын.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін дизайнер Жадо «мені кәсіби білімсіздікте айтыптады және жеке басыма қол сұқты» деген айыппен Меруерт Түсіпбаеваның үстінен сотқа арыз түсірген еді.

2 пікір

  1. Екеуін де ақшаның буы, керек емес атақ даңқ құртып отыр. Көрер ме едім ішерге ас киерге киім таба алмай отырса. Жоқтан дау іздегенше елдің арын , жетім-жесірлердің қамын, одан қалса өздеріңнің абыройын ойлаңдар, ханымдар.

Пікір қосу