Қазнет пайдаланушылары Мұрат Ділмановтің «Қ» әрпі бар ер адам бейнеленген карикатурасын қызу талқылауда. Желіде музыкант және продюсер суреттен өзін көріп, суретшіні сотқа бермек деген әңгімелер тарады, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Интернет пайдаланушылары қалыптасқан жағдайға байланысты посттар жариялап, «Карикатурада бейнеленген мен» деген пікірлер қалдыра бастады. Осы оқиғаға байланысты карикатурашының өзі не ойлайтынын Sputnik Қазақстан хабарласып білді.

— Карикатурада бейнеленген кім?

— Ол керуетте отырып, елдің тағдырына алаңдап отырған адам.

 — Артқы пландағы жалаңаш әйелдің бұл жердегі орны қандай?

— Жалпы, бұл өте үлкен күмән. Ол жерде іс жүзінде гендерлік ештеңе жоқ. Оны әйел деп ешкім нақты айта алмайды. Жалпы адам деуге болады.

— Бірақ ол адамды жалаңаш деуге болады ма?

— Оны білмедім. Егер арқасы ашық болса, ол жалаңаш адам ба?

— Тікелей сұрақ: бұл суретте бейнеленген Қыдырәлі Болманов па?

— Жоқ. Ол Қыдырәлі Болманов типіндегі адам. Барлық жерде ұқсастық көп, бірақ мен еш жерде, бірде бір карикатурада белгілі бір адам деп көрсетпеймін.

— Қыдырәлі Болмановтың сотқа беру ниеті туралы қауесетке қатысты қандай пікір білдірер едіңіз?

— Заңды тұрғыдан, кез келген нәрсеге ренжуге болады. Бізде бұған заңмен рұқсат етілген. Егер адам ренжіп, сотқа бергісі келсе, егер де сурет белгілі бір азап шеккізгені дәлелденсе, мархабат, мен бұны талқылауға әзірмін.

Пікір қосу