Халқымыз дүниеге келген сәбилерге жүректен терең орын алардай есім таңдаған. Сондай есімдердің бірі — Қайрат. Бұл сөз араб тілінен аударғанда «қуат, жігер» деген мағынаны білдіреді. Еліміздің қайсар да батыл Қайраттарын juldyz.kz тізімдеп көрді.

1.Қайрат Рысқұлбеков — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

2. Қайрат Нұртас — еліміздегі танымал әншілердің бірі. Көпшілікке алғаш рет «Арман» әнімен танылды.

3. Қайрат Байбосынов — әнші, қазақ дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттаушы. Ол Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

4. Қайрат Айтбаев — күйші, «Сыр сандық» антологиясына енген күйлерді нотаға түсірген. Қазір  Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы

5.Қайрат Баекенов — әнші, «Формат» тобының мүшесі. Ол 1977 жылы Жезқазған облысының  Сәтбаев қаласында дүниеге келген.

6. Қайрат Әділгерей — «Базар жоқ» әзіл-сықақ театрының актері.

7. Қайрат Нәбиолла — актер, 1987 жылы 30 желтоқсанда ҚХР Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келген. Ол қазір М.Әуезов драма театрында қызмет етеді.

8. Қайрат Түнтеков — әнші, 1987 жылы 14 ақпанда Шымкентте дүниеге келген. Халыққа «Superstar» байқауы арқылы танылған.

9.Қайрат Жұмағалиев — ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ол қырғыз эпосы «Манасты» қазақ тіліне тәржімалаған.

10. Қайрат Асқар — ақын, бірнеше жын жинақтардың авторы

Пікір қосу