Бейжің, Лондон және Рио Олимпиадаларында өнер көрсеткен Біржан Жақыпов енді шәкірт тәрбиелемек. Ол Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы  Nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды. 

«Құттықтап жатқандарыңызға рахмет! Бұл қызметке ұсыныс жылдың басында түсті. Шынымды айтсам, ұзақ ойланбадым. Ұсыныс түскеннен кейін бір-екі күннен соң шешім қабылдадым. Бір апта болды жұмысқа кіріскеніме», — деп пікір білдірген Біржан Жақыпов сайт тілшісіне.

Еске салсақ, Рио Олимпиадасында Біржан Жақыпов өзбек боксшысынан ұтылып, жолы болмады. Содан ол спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеп, ұлттық құрамадан кетті.

Пікір қосу