Балаға азан шақырып ат қоюда ұлтымыз мағыналы, салиқалы есімдерге бай. Оның үстіне халқымыздың әдебі мен тұрмысына сай әдемі есімдері де жетерлік. Бұрынғы қазақ мұның бәрін өз орнымен, үйлесімді пайдалана білген. Сондай есімдердің бірі — Әсел. Бұл араб тілінен аударғанда «бал» деген мағынаны білдіреді. Яғни, өмірі балдай болсын деген ниетпен қойылады екен. Осыған орай juldyz.kz ел алдында жүрген Әселдерді тізімдеп көрді.

  1. Әсел Сағатова — актриса, 1985 жылы Қостанай облысы, Жетіқара қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының иегері.  «Асель, друзья и подруги» — Галима, «Астана – махаббатым менің» — Дина, «Саранча» — Райхан рөлдерінде ойнаған.

2. Әсел Ергешқызы — радиожурналист, Астанадағы «Болашақ» өнер мектебінің директоры. Бұдан бұрын Қазақ радиосының әдеби-сазды бағдарламалар редакциясының редактор-жүргізушісі болып қызмет атқарған.

3. Әсел Сәдуақасова — актриса, «Дауыс  International» тобының бұрынғы әншісі. Ол «Ғашық жүрек» — Әсел, «Рывок» — Мақпал, «Жаным 2» — Айсұлу рөлдерінде ойнаған.

4. Әсел Қарсыбаева — әнші. Ол 2012 жылғы X–Factor жобасының финалисі және Қазақстанның Бірінші ұлттық рок-марапатының «Ең үздік әйел вокалы» жүлдесінің иегері.

5. Әсел Акбарова — тележүргізуші, 2010 жылдың мамыр айынан бері «Хабар» арнасында еңбек етіп келеді. Ол «Біздің үй» бағдарламасының тележүргізуші.

6. Әсел Нұртазина — әнші, актриса. Ол 2015 жылы «Базар жоқ» театрында өнер көрсеткен.

7. Әсел Әлібекова — биші, 4 би өнерін меңгеріп, қаршадай кезінен Ақтөбені әлемге танытқан. Ол қазір Президент оркестрінің бас бишісі.

8.Әсел Қалиева — актриса, тележүргізуші. Ол «Өгей жүрек», «Махаббатым жүрегімде», «Шалғайдағы оқиға» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.

9.Әсел Сайлауова — актриса, М.Әуезов театрында қызмет істейді.

10. Әсел Мұстафаева — актриса. Халық арасында «Барби» атанып кеткен нәзік ару.

Пікір қосу