Эстарадада көрінбей кеткен әншілердің бірі Асқар Жүнісбеков «Бүгін жексенбі» бағдарламасында қонақта болып, алдағы жоспарларымен бөлісті, — деп жазады juldyz.kz.

-Асқар, эстрададан неге көрінбей кеттің? Тыңдармандарымды жоғалтып аламын деп қорықпайсың ба?

-Әр нәрсенің өз уақыты болады. Үзіліс жасағаным рас. Өйткені, ізденіс үстінде жүрмін. Жақсы ақын да, композитор да бар. Алайда, ән жүрекке жетпесе орындағым келмей қалады. Бірақ, тыңдармандарымды жоғалттым деп айта алмаймын. Күнделікті Инстаграм желісінде өз лебіздерін білдіріп отырады. Талай жақсы әндер алдағы уақытта сыйлауға тырысамын.

-Жаңадан шығып жатқан жас өнерпаздарға көзқарасың қандай?

-Жастардың өнерге көп келгені қуантады. Бірақ, саннан гөрі сапа жағында ойлау керек. Сапа жағын мен айтпасам да белгілі.

-«Асқар Жүнісбеков тоқал алғысы келеді» деген ақпаратты құлағымыз шалды. Сол рас па? Жалпы, көзқарасыңыз қандай?

-Сіздің қай басылымнан көргеніңізді білмедім. Бірақ,бұл қате ақпарат. Бұл жөнінде мүлде ойланбаппын.

-Білуімізше, Елбақыт атты ұлыңыз бар. Есімі ерекше, кім қойды?

-Әнші боп тойларда әртүрлі іссапармен жүреміз. Сол кезде есімде қалғаны бар. Атырауда бір жігіттің есімін Мұхтар Шаханов ағамыз Елбақыт деп қойды. Сол кезде ұлым болса, мен де Елбақыт деп қоятын едім деп ойладым. Аллаға шүкір, ол күнге де жеттім.

-Республика сарайында концерт беретін ойың бар ма?

-Жылда осыны ойланамын. Бірақ, неге екенін жүрексінемін. Көмек көрсетеміз деген демеуші ағаларымыз да табылып жатыр. Сәтін салса, биылдан қалмауға тырысамыз.

-Алдағы уақытта қандай ән-жинақтар шығарасыз?

Алғашқы ән жинағым шықты. Екінші ән жинағым, бұйырса «Хат жазып тұр» деген атаумен жарыққа шығады.

Пікір қосу