Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Даниэл Джейкобс 18 наурыз күні өтетін кездесулері алдында алғашқы көзқарастар дуэлін өткізді, — деп  Vesti.kz-ке juldyz.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Оның барысында Геннадий Головкин кездесу бойынша қандай да бір болжамдар айтудан бас тартты.

Тілшілер тарапынан қойылған сұраққа: «Мен құдай емеспін. Тек ең мықтымын!», — деп жауап берді. Оның алдында қазақстандық боксшы Джейкобстың де мықтылығын мойындайтынын айтқан еді. «Ол бизнестегі ғана емес, спорттағы да мықты қарсыласым», — деген болатын Гена.   Ал бапкерлер боксшылардан нокаут күтетінін айтуда.

«Екі команданың бапкері де кездесу соңына дейін жалағасатынына күмәнді. 18 наурыз күні осында нокаут болады», — деп хабарлады Madison Square Garden-дегі баспасөз мәслихатынан журналист Кристина Хаугсия.

Головкин-Джейкобс кездесуі 2017 жылдың 18 қаңтары күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы PPV ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. Бокс кешін Қазақстанда «KazSport» және «Қазақстан» Ұлттық арналары таратады. 34 жастағы Головкин кәсіпқой бокстағы өз мансабында 36 кездесуін, оның ішінде 33 нокаут жеңісімен аяқтаған. Ал 29 жастағы Джейкобстың есебінде 32 жеңіс (29 нокаут) және 1 жеңіліс бар.

 

Пікір қосу