“Астана” клубының футболшысы сербиялық Неманья Максимович испаниялық “Валенсия” сапына ауысты. Бұл туралы сербиялық B92 басылымы хабарлады, — деп жазады stan.kz.

Ойыншының өзі де осы қыста команда ауыстыратынын растады. Максимовичтің сөзінше трансфер 5-6 күннің ішінде рәсімделуі тиіс.

Басылымның ақпараты бойынша, Максимовичті алу үшін “Валенсия” клубы “Бенфика”, “Монако”, “Ювентус” секілді алпауыт клубтарды басып озған. Испан клубы ойыншымен алдын-ала келісімге қол қойып қойған. Келісім-шарт 5 жылға есептеліп, 7 млн евро жалақыға қол жеткізбек.

Әзірге Максимовичтің “Валенсияға” нақты қай кезде ауысатыны белгісіз. Сербиялықтың “Астанамен” келісім-шарты осы жылдың маусым айында аяқталады.

“Валенсия” Испания чемпионатында өнер көрсетеді. Қазір олар турнир кестесінде 15 турдан соң 12 ұпаймен 17-орында келе жатыр. Жалпы, Ла-Лигада 20 команда ойнайды.

Пікір қосу