Шығыс күнтізбесі бойынша келер 2017 жыл – Тауық жылы. Мүшел есебінің оныншы жылын қызыл немесе отты қораз жылы деп те атайды. Осыған орай juldyz.kz Тауық жылғы туған тұлғалардың тізімін ұсынады:

 

Роза Әлқожа, әнші

Тауық жылы туғандар үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.

Бақыт Сәрсекбаев

Бұл жылы туғандар әртүрлі қиындықты толық еңсеріп, еңсесін тік ұстап шығатын бірден-бір белгі иелері болып есептеледі.

 Дидар Амантай

Сондай-ақ, олар отбасында ашық-жарқын, ал қызметте талапшылдар қатарына жатады.

Майра Мұхаммедқызы

Тауық – мансапқор, көшбасшы, ұйымдастырушы, жауапты, жетекші, көптеген амал-әрекеттің ортасында болады.

Қанат Бозымбаев

Шығыс болжамдары бойынш,Тауық  — отбасының басқарушысы, сонымен қоса ерте оянады, тәртіпті қадағалап, бақылайды.

Маралтай Райымбекұлы

Тауық әрекетсіз отыруға төзбейді, барлық іс — әрекетте ұқыптылық пен тәртіпті қалайды, сондықтан ойды ретке келтіріп, алға қойған мақсатына нақты жоспар құрғанды жақсы көреді.

 Назым Қызайбай

Тауық жылғылар аузын ашса, жүрегі көрініп тұратын ақкөңіл адамдар. Олар еңбексүйгіш, батыл.

Фарида Жолдасова

Биыл астрологтардың болжамынша, тауықтардың жеке өмірі ұмыт қалмайды. Таныстықтар көбейіп, өз тағдырын кездестіргендер де аз болмайды. Сондықтан, басы бос жандар жақсы жаңалықтың ауылы алысы еместігін аңғаруы керек.

алия

 

Әлия Әнуарбек

Олар жұрттың назарында болғанды, өзін мақтағанды жақсы көреді. Ешкімге сенбейді, тек өз дегенімен жүреді.

Лидо

Сондай-ақ, тапқан-таян­ғанын бейберекет жұмсап, ақыр соңын­да ақшасының қайда кеткенін білмей қалады.

Пікір қосу