«Қоңыр» тобының әншісі Жазира Қошанова тұрмысқа шықты, — деп хабарлайды juldyz.kz. Бұл туралы Жазира 17 желтоқсан күні инстаграм парақшасында жариялап, топтан кететінін мәлімдеген болатын.  

«Қадірлі ағайын, естеріңізде болса біраз күн бұрын ВК желісінде мен және менің топтан кететінім туралы продюсерім, әрі ағам Сержан Молдасанұлының жазбасы пайда болған еді. Бізге тілекші болған, жаны ауырған барлығыңызға мың алғыс. Маған да оңай тиіп жүрген жоқ. Уакыт жақындаған сайын бір қимастықтың күшейіп жатқаны да рас. Барлығы өмір заңы. Аз күн бұрын ағама xабарласып, топқа алынатын қыздарға байқауды (кастинг) бастай берейік деп шештік. Мен үшін де «Қоңырға» кімнің келетіні аса маңызды», – деп жазды Жазира желідегі парақшасында.

 

Пікір қосу