Алматыда Республика сарайы алдында құрылған шырша елдің таңданысын тудырып жатыр.Темір мен винил матадан жасалған жеті метрлік шырша Алматыдағы жаңа жыл символына айналды. Бұл «ағаштың» төбесінде атақты апорт алмалары ілініп тұр. Бұл туралы Экспресс К басылымында жазылды.

Нұрахмет Нұрбол есімді суретші елді таңғалдыруға тырысып жүреді. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 KZ» фестивалі аясында ол осы шыршаны жасап, Алматының тауы мен апортын бейнелеген екен.

Көпшілік ерекше шыршамен суретке түсіп жатыр. Александр Голубевтің «Шырша ойыншығы» да ескерусіз қалған жоқ. Елдер ойыншықтың ішіне кіріп, суретке түсуде.

Пікір қосу