Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «Қазақ аруы» жаңа сериалы түсірілімінің видеоcын өзінің Instagram парақшасында жариялады, — деп juldyz.kz порталы хабарлайды.

Баян Мақсатқызы қазан айында ұлттық нақыштағы «Қазақ аруы» сән конкурсының тарихын көпшілікке ұсынатынын жариялаған болатын. Басты кейіпкердің рөлін 16 жасар Гүлзада Тұрлаш сомдайды.

Фильм продюсерінің айтуынша сериалды түсірушілер жаңа есім» іздеген. Сондықтан да басты рөлге конкурстың бұрынғы жеңімпаздары шақыртылмады.

Айта кетейік, «Қазақ аруы» конкурсы жыл сайын наурыз айында өткізіледі. Биылғы жылы осымен алтыншы рет болып өтті. Осыған дейін «Қазақ аруы» титулын Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова, Айгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергенова, Альмира Ахатова жеңіп алған.

Пікір қосу