26 жастағы боксшы Жанқош Тұраров Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша орташа ауыр салмақтағы (147 фунтқа дейінгі — 66,7 келі) үздік боксшылардың ТОП-15-не енді. Қазақстандық спортшы рейтингтің 12-орнына орналасты. Бұл туралы juldyz.kz порталы inform.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

ВКонтакте желісінде «Профи бокс Қазақстан» тобының жазуынша, Жанқош Дүниежүзілік бокс қауымдастығының рейтингісінде (WBA)  11-орында тұр.

Еске салайық, жуырда ғана шаңырақ көтерген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қараша айының соңында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қабылдауында болып, елімізде жеке бокс кешін өткізгісі келетінін айтты. Ол 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа аттанып, жаттығуларын бастамақ. Айта кетейік, Жанқош осыған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.  Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтады.

 

Пікір қосу