«Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, қазақстандық балуан Бейбіт Ыстыбаев қызды болды, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы. Бұл туралы балуан желідегі парақшасына жазып, халықтан сүйінші сұрады. 

«Ардақты ағайын! Жанашыр достарым! Тəуелсіздігіміз мəңгілік болғай! Сүйінші!!! Шаңырағымда ұлы қуаныш, дүниеге сəби келді! Нəрестелі болдым, қызды болдым ағайын! Өрісімді кеңейткен Аллаға сансыз мадақ!! Қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұрмын. Жеңістің 40 жылдығында дүниеге келіп атымды Бейбіт қойып еді, ұлы мереке тəуелсіздіктің 25 жылдығында қызым дүние есігін ашты. Жақсы ырымға балап отырмын. Ұлы мерекеде дүниеге келген балапанымның бақытын баянды ете гөр Алла!!!», — деп жазды Ыстыбаев инстаграмм парақшасында.

Айта кетейік, Бейбіт Ыстыбаевтың бір ұлы бар. Ол биылғы «Қазақстан Барысы-2016» турнирінің үшінші рет жеңімпазы атанып, Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге алған болатын.

Пікір қосу