Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бірқатар тұрғындар сыйақы алатын болады. Бұл туралы Алматының әлеуметтік  жобалар мен жұмыспен қамту басқармасы хабарлайды.

50 мың теңгелік біржолғы әлеуметтік көмек Алматының келесі санаттағы тұрғындарына беріледі: 

  • 1) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған қатысушылар;
  • 2) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған қатысушылар секілді жеңілдіктерге ие тұлғалар;
  • 3) Ұлы Отан соғысында күйеулері қаза болған немесе із-түзсіз жоғалған жесірлер (қайта тұрмыс құрмаған болса ғана);
  • 4) Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын 1 және 2 топ мүгедектері;
  • 5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрынырақ «Батыр ана» атағына ие болғандар, I және II дәрежелі «Материнская слава» ордендерінің иегерлері;
  • 6) Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар (осы категория бойынша ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алып отырған жағдайда);
  • 7) Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы КСРО медальдары мен ордендерін иеленген тұлғалар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі уақытта кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар;
  • 8) Чернобыль АЭС апаты кезінде қаза болғандардың отбасы мен оның салдарын жоюдан қаза болғандардың отбасы;
  • 9) Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
  • 10) 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар;
  • 11) Баспаналық көмек алып отырған отбасылар;
  • 12) Жарты жылда бір рет 7 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек алушылар;
  • 13) Амбулаторлы ем қабылдап жатқан IV дәрежедегі туберкулезбен сырқаттанғандар.

4 пікір

  1. Мен 4-баланың анасымын, біз ешқандай жеңілдік өкімет тарапынан комек, жәрдем ақы алмаймыз. Тек қана ай сайын 4-балаға 8500 тенге аламыз.Ол қалай төрт бала асырауға жетеді түсінбей мін. Мен Қазақстан азаматшасы болғаныма ұялам, себебі өкіметтен еш пайда жоқ.

  2. Басқа облыстар неге сыйақы бермейді? Павлодар өндірісті өңір. Əлеуметтік жағдайы төмен халыққа көмектессе ғой.кедейдің бір тойғаны шала байығаны. Бала-шағаға тəтті-дəмді əперіп бір жарылқар едік.

Пікір қосу