Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны.

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылы

Туған жылы: 1қаңтар, 1970 жылы

Білімі:

  • 1977-1984 жж. «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебі;
  • 1984 ж. Өскемен педагогикалық училищесі.

1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға Алматыда әскер күшімен басылды. Бірақ, дүмпу бірден басылмай, Жезқазған, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды және Өскемен секілді қалаларға жайыла түсті. Барлық жоғары және орта оқу орындарының студенттері желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін жеткізбек болған. Бірақ, олар ойлағандай болған жоқ, арада жарты сағаттай уақыт өткенде құқық қорғау қызметкерлері жастарды ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Тергеу барысында жастардың пікірі мен сөзіне құлақ түрген ешкім болмады. Тек біржақты қараланып, яғни ұлтшыл деген жала жабылып, орынсыз қорлауға жол берілді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.

Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді.

Пікір қосу