Ләззат Алтынайқызы – Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан.

 Туған жері: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы

Туған жылы: 27 шілде, 1970 жылы (25.12.1986, Алматы)

Білімі: 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен.

Марапаттары:

  • “Қаһарман қыз – Ләззат қыз” – Ләззаттың ерлігіне арналған ән (Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі – Абдрахман Асылбектікі).
  • Ләззат Алтынайқызы жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді .
  • Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа арналған ескерткіш ашылды.

1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған. Ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.

Алматыда 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін, ұсталған 87 адам қатарында Ләззат Асановаға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылды. Тергеу барысында қаза тапқан. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан соң ғана Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады.

 

Пікір қосу