Ербол Сыпатаев — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

Туған жылы: 10 наурыз 1964 жылы (23 желтоқсан 1986 жылы дүниеден өткен)

Туған жері: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Еңбекші ауылы

Білімі:  

  • 1985 жылы Алматы қаласында энергетика институты.

Еңбек жолы:

  • 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші;
  • 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды;
  • 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті.
  • 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.
  • 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түседі. 23 желтоқсан күні қайтыс болды.
  • 1996 жылы ақталды.

Ербол

Ерболдың соңғы қоштасу сөзі: «Біздің елде әділдік жоқ!»

Марапаттары:

  • Алматы облысында, Панфилов ауданында Е. Сыпатаев атында орта мектеп, көше мен ескерткіш бар.
  • 1994 жылы Ербол Сыпатаевтың 30 жылдық мерейтойына байланысты Алматы энергетика және байланыс университетінде арнайы оқу залы ашылды.

Пікір қосу