Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды. 

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Суреттен байқағанымыздай, жарлыққа 2016 жылдың 5 желтоқсанында қол қойылған.

Әлеуметтік желідегі тележүргізушінің оқырмандары Ләйлә Сұлтанқызын құттықтап, марапатқа әбден лайық екендігін жазуда.

Пікір қосу