Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Вnews.kz. 

Бұл туралы боксшының өзі Твиттердегі парақшасында жазған.

Головкин бұл құрметке нокауттар саны жағынан ең жоғары пайызды көрсеткені үшін ие болып отыр. Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен ұтты. Сондай-ақ, қатарынан 23 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша Головкин нокаутпен аяқтаған жекпе-жектердің көрсеткіші 91,67 пайызға теңесті.

Айта кетейік, қазіргі таңда бұл орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш саналып отыр.

Пікір қосу