Әуесқой бокстан әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы dodasport.kz порталына сұхбат берді.

Әзірше нақты шешім қабылданбады. Негізі кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін. Бұл мәлесе жайлы маған демеуші болатын бастықтармен және жеке бапкерім Мұрат Сиқымбаев ағаммен ақылдасып жатырмын. Егер әуесқой бокста қалатын болсам 81 келіде сынға түсемін. Бұл мәселелердің барлығы жаңа жылдан кейін белілі болады. Әзірше жарақаттан толық айығып, жаттығуға ертерек кірісуді ойлап жүрмін.

Айта кетсек, Әлімханұлы Рио Олимпиадасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, ширек финалда өзбек спортшысына жеңіліп қалған. Одан кейін, 29 қазан күні Алматыда әуесқой бокстағы алғашқы кездесуін Милтон Нуньеске қарсы өткізіп, 1-раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Пікір қосу