Әнші, композитор Гауһар Әлімбекова өзінің сырымен бөлісті. Бұл туралы ол 31 арнадағы «Ұят емес» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды juldyz.kz.

«Әндерімнің 60%-ы бір адамға арналған. Ол жанды мен ұнаттым. Дос боп араласқаннан кейін оған айта алмадым. Оның үстіне қазақ қызына мұндай нәрсе жат қой. Ал 10%-ы студент кезімде қыздардың ғашық болғанын өзім сезініп, содан туған әндер. Ал тағы бір 10-15 пайызы қиялдағы нәрселердің құрылған. Бірақ, бәрі бір сезімді суреттейді».

Әнші студент кезінде ғашық қыздарға қатты таңғалатынын айтты.

«Студент кезімде мен ата-анамның қасында болып, ет жесем болды. Бар арманым сол болатын. Ал, ана қыздар жігітін ойлап, кәдімгідей жылап отыратын. Мен сол кезде: «Неге маған Құдай сондай сезім бермейді? Мен біреуді неге жақсы көре алмаймын?» деп ойлайтынмын».

Жүргізуші Салтанат Қалиева әншіден осы уақытқа дейін тұрмыс құрмау себебін сұрағанда: «Кім айтты, мені тұрмыс құрмаған деп?» деп жауап берді.

«Мен жарияны жақсы көрмеймін. Тұрмысқа шығамын деп айттым. міне, шықтым. Енді тойым болған кезде бір-ақ айтамын. Негізі сіздердің арналарыңызда бірінші рет айтып отырмын. Жолдасым шығармашылық адамы емес. Бір үйден бір адам жетеді ғой. Бастысы, меін түсінетін жан».

 

Пікір қосу