Осыдан бірнеше уақыт бұрын дизайнер Аида Қауменова мен әнші Меруерт Түсіпбаеваның арасында әшекейге қатысты дау шыққан болатын. Дизайнер бұл мәселенің қалай шешілгені туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтып берді.

“Мен ешкімді киімімді киюге міндеттемеймін. Қаласаңыздар, сатып алып киіңіздер. Қазір таңдау өте көп. Біз еркін мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Әр адамның таңдау құқығы бар. Ал егер ұнамаса, кимеңіздер”, – дейді Аида Қауменова.

Әлеуметтік желіде өзін айыптағандарға “ұнамаса, киме” деп Айда Қауменова әнші Меруерт Түсіпбева осылай жауап қайтарған сыңайлы.

“Адам баласы жыл өтсе де, ғасыр өтсе де ренжісе беруі мүмкін. Меруерттің маған ренжігенін білемін, онысын түсіндім. Біз өткенде әңгімелесіп, бұл мәселені шештік және бейбіт тарастық. Мен “Біз екеуіміз де – әйел затымыз, бір мемлекеттің тұрғынымыз. Екеуіміз де еңбектенеміз” деп айттым. Меруерттің дәл осылай өзінің саласында еңбектеніп жатқанын білемін. Мен барлығымызда жақсы болғанын қалаймын”, – дейді Аида Қауменова.

Пікір қосу