Ұзынқұлақтан естуімізше, «KeshYou-дің» құрамына «Айгөлек» бағдарламасының жүргізушісі Назым Әбілдина келуі мүмкін. 

Баян Есентаева «KeshYou» тобының солисі Ақбота Сейітмағамбеттің топтан кетіп, тұрмысқа шығатынын мәлімдегелі бері топ құрамына «кім келеді?» деген сұрақ қызу талқыға түсуде. Бірі танымал герлз-бэнд құрамына Ханайым келеді десе, енді бірі Байбосыновтар әулетінің қызы Назым Әбілдина деп болжауда.

Небәрі  17 жастағы Назым Әбілдина тележүргізуші ғана емес, әнші, «Лүпіл» тобының мүшесі.

Айта кетейік,  «»KeshYou»  тобының құрамы он жыл ішінде жеті рет өзгерді. Топта осы уақытқа дейін Әнел Арынова, Зумрад Гараева, Маржан Меңдібаева, Наиля Заитова, Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева сынды арулар өнер көрсеткен.

Дереккөз: juldyz.kz 

Пікір қосу