Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына түсті.  Бұл туралы әнші желідегі парақшасында хабарлады. Ол отырған көлік көктайғақта жылқыларға келіп соғылған.

 «Ғұмыр-сəт… Айдалаға жылқысын жайып жіберетін ағайындар бар болыңдар! Ақ қар, көк мұзда əрең келе жатып кенеттен атып шыққан үш жылқының ортасындағы биесін соғамыз деп еш ойламадық. Өзіміз аман қалғанымызға шүкір дедік», — деп жазды әнші.

Мұны естіген желі қолданушылары әншінің денсаулығына алаңдап, оған ақ жол тіледі.

Пікір қосу