Бұл туралы әнші, актер Нұрлан Әлімжан «Бүгін жексенбі» бағдарламасында айтып берді.

«Осы бір жылда актерлік, әншілік жағынан да көп көрінбедім. Сұхбат беруге де келіспедім. Әдейі өз-өзімді жинақтағым елді. Оқитын нәрселерімді оқып, баратын жерлерге бардым. Былайша айтқанда, өзіме медитация жасадым. Алдағы уақытта актер емес, өзімді продюсер ретінде сынағым келеді» дейді ол.

Нұрлан Әлімжан өзінің сырымен де бөлісті.

«Бір кездері Ресейдің «Мосфильміне» барып, «киноға түскім келеді» дегенмін. Олар маған: «Сіз өз жеріңіздің жұлдызы екенсіз. Еліңізде сізді қадірлейтіні рас. Бірақ, бізде сіз ешкім емессіз» деп бетіме айтты. Бірақ, адам ізденсе, арман-тілегін алға қойса мақсат орындалады деп ойлаймын. Үмітті ешқашан үзбеу керек. Тек жақсылықтан дәмелі болған дұрыс».

Әнші әрі актер Нұрлан жеке өміріне қызығатын жандарға да жауап берді.

«Жеке өмір — менің өмірім.Оны мен айтуға міндетті емеспін. Мен өнерімдегі жаңалықпен бөліскенім дұрыс. Бізде 17 млн адам бар. Әр адамның өмірі өзінше дамуда. Сондықтан, бұл —  менің өмірім. Адамдар мені өнер жағынан біліп-танып жатса қуанамын», — деді ол.

Пікір қосу