Асқар Бисембиннің «Наурыз.kz» фильмі 2017 жылдың 16 наурызынан бастап прокатқа шығады, деп хабарлайды Kazpravda.kz сайты.

Фильмде Наурыз мейрамы қарсаңында болатын 5 қызықты новелла баяндалады.

«15 адамнан құралған басты кейіпкерлер ғажайып  көріністерге куә болады. Фильмде басты рөлдерді Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Марат Омаров, Шәріп Серік, Жеңіс Омаров, Талғат Кенжебұлатов, Саят Мерекенов және т.б адамдар ойнайды» — дейді кинокартинаны жасаушылар.

«Наурыз.kz» фильмінің сценариін Асқар Бисембин және Николай Пак пен Василий Земзюлин бір жыл көлемінде жазған.  Продюсеры – Алмас Сұлтанғазин, Олег Головашкин. Композиторы – Әлім Заиров.

Айта кетейік, түсірілім жұмыстары осы жылдың тамыз айында басталып, қыркүйекте аяқталған. Сонымен қатар, режиссер туындының жалғасы көп кешікпей шығатынын атап өтті.

Пікір қосу