Финляндияның Рука қаласында фристайл акробатика спортынан Еуропа кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерлестеріміз арасынан жарыстың алғашқы күні ең үздік нәтижені Жанбота Алдабергенова көрсетті. Ол 151,22 нәтижемен сегізінші орынға ие болды.

Тағы бір спортшы аруымыз Жібек Арапбаева (118,69) 13-ші орынға табан тіреді. Ал Маржан Ағжігіт (109,26) 18-шы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 98,24 ұпаймен 25-ші орынға, Ақмаржан Қалмұрзаева 94,29 ұпаймен 26 орынды місе тұтты.

Бұл бәсекеде аустриялық Скотт Даниель бас жүлдені еншіледі.

Ерлер арасында ел намысын қорғаған спортшыларымыз арасында ең үздік нәтижені 100 ұпаймен Ильдар Бадрутдинов көрсетіп, 13-орынға табан тіреді. 70 ұпай еншілеген Лим Дмитрий 17- орыннан көрінді. Ал Дархан Мұхамеджанов (55 ұпай) 20-шы, Нұрлан Батырбаев (35 ұпай) 24-ші, Ақжол Заманбек (25 ұпай) 26-шы орындарды қанағат тұтты.

Ерлер арасында жалпы саны 32 спортшы сынға түссе, әйелдер арасында 29 спортшы бақ сынады.

Пікір қосу