Сая САНДЫБАЕВА — Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрыс кентінің тұрғыны, жеңімпаз.

– Сәлеметсіз бе? Бұл Сая апай ма?

– Иә, тыңдап тұрмын.

– Ұтысыңыз құтты болсын! Сіз «Жұлдыздар отбасы» журналынан жылқы ұттыңыз. Журналымызға қашаннан бері жазылып келесіз?

– Ой, рақмет! Мен үшінші жыл қатарынан жазылып келемін. Бірақ, осының алдыңғы жылдары түбіртегімізді жіберу керек екенін білмей қалдым. Сосын, 2015 жылдың ұтысына түбіртегімді жолдап, ойынға қатыстым. Ол жылы өкінішке орай, ұтысқа ие болмадым. Аллаға шүкір, осы жылы бір жылқының иесі атанғаныма қуанышты болып тұрмын. Енді сол ұтысымды қалай алсам болады?

– Ол жайында менеджеріміз толыққанды түсіндіріп береді. Өзіңіз жайлы бір-екі ауыз айтсаңыз.

– Өзім Маңғыстау облысының тумасымын. Қазір зейнеттегі адаммын. Үш қызым, екі немерем бар.

– Журналымызға жазылудағы басты мақсатыңыз қандай болды? Ақша ұту ма? Әлде рухани ләззат алу үшін бе?

– Жоқ, біз бұл екі журналды отбасымызбен жақсы көреміз. Өте тамаша, көңілге қонымды журнал. Журналға жазылудағы басты мақсатымыз – ақша ұту емес, тарихтан сабақ алу. «АҢЫЗ АДАМ» журналының әрбір кейіпкері – ерекше дара тұлға. Сонымен қатар «Жұлдыздар отбасы» журналына шығатын әншілердің, жалпы өнер адамдарының өмірін, шығармашылығын қызығып, ерекше ықыласпен оқимыз. Әлі де журналға үзбей жазылу ойымызда бар.

Пікір қосу