«Mezzo» тобы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды. Бұл топ жақында Украинадағы «Х-Фактор» жобасында өнер көрсетіп келген болатын. Сұхбат барысында сол туралы және алдағы жоспарларымен бөлісті. 

«Әсер өте керемет болды. Шетелде үлкен сахнаға шығуымыз өзімізге тәжірибе болды. Өздеріңіз білесіздер, Меладзенің алдында өлең айттық. Жақсы сөздер естідік. Әсерді Айтып жеткізу қиын. Бірақ, Керемет болды. Өкінішке қарай, финалға өте алмадық. Неге өтпегенімізді өзіміз де білмейміз»

Бір қызығы, жігіттер финалға неге өтпегенін білмейтінін де атап өтті.

«Меладзе бізді жақсы бағалады. Біздің топ негізі шетелдік «Il-Divo» тобына қарап құрылған болатын. «Сол топтан да таза айтасыңдар» деп мақтады.Шыны керек, ол кісіден ондай мақтау күтпедік».

Топ мүшелерінің алдағы уақытта Алматыдан концерт беру ойы бар.

«Алда көптеген жұмыстар күтуде. Біздің қазіргі арманымыз — тезірек өз альбомымызды шығару. Кішігірім концерт бергіміз келеді. Алматы қаласынан бастасақ па деп ойлап отырмыз».

Пікір қосу