Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2016-17 маусымының Гран-приіне қатысуын аяқтады. Ол Саппородағы қорытынды алғашқы сайысында 8-ші орын иеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Liter.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Қысқа бағдарламадағы (9) қателік пен мәнерлеп сырғанаудың орташа қорытындысы Элизабет Тұрсынбаеваның «Алтылық финалына» ілігуіне жол бермеді.  Қорытынды турнирге әйелдер арасынан төрт ресейлік — Евгения Медведева, Анна Погорилая, Елена Радионова, Мария Сотскова, канадалық Кэтлин Осмонд және жапондық Сатоко Мияхара өтті.

Айта кетейік, ерлер арасынан қорытынды турнирге испандық Хавьер Фернандес, канадалық Патрик Чан, жапондық Юзуру Ханю, Сома Уно, америкалық Натан Чен, Адам Риппон қатысады. Ал, жерлесіміз Денис Теннің алғашқы кезеңдегі жинаған ұпайы Марсельге баруға жеткізіліксіз деп танылды.

Пікір қосу