Илья Ильин Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болды. Бұл туралы ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысының алдында журналистерге мәлімдеді деп хабарлайды Bnews.kz.

«Бұл ұсыныс бір-екі күн бұрын түсті. Маған хабарласып, Ассамблея мүшесі болуға ұсыныс жасалды. Мен бірден келістім. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі деген ресми билет қолыма тиеді. Қазақстан халқы үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін»,-деді Илья Ильин.

Айта кетейік, бұдан бұрын Илья Ильин «Қазақстан спорт және туризм академиясында» ғылым докторы атағын алып шыққан еді.

Пікір қосу